Қызылорда облысының командасы дзюдо спартакиадасында үздік атанды

1352

0

Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті. Дүбірлі дода әр төрт жылда бір рет өтеді. Бұл жолғы бәсекеге 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаланың спортшылары жиналды. Еліміздің әр аймағынан келіп қатысқан Спартакиадада спортшылар спорттың 27 түрінен сынға түсті.

Соның ішінде спартакиада бағдарламасындағы дзюдодан өткен жарыста Сыр елінің спортшылары топ жарып, командалық есепте чемпион атанды.

VI жазғы спартакиадасына 14 қызылордалық қатысты. Оның ішінде үш алтын медальді 60 келі салмақтағы Мағжан Шамшадин, 66 келі салмақтағы Әділбек Берікұлы, 100 келі салмақпен жарысқан Шархан Нұрлыхан жеңіп алды. Бір күміс медальға 81 келі салмақтағы Жұбаназар Абылайхан лайық деп танылды. Ал 48 келі салмақ бойынша өнер көрсеткен Жанерке Асқарова мен 57 келі салмақтағы Мұхамбет Дина және 78 келі салмақтағы Бисембай Әсел үшінші орынды қанағат тұтты.

Жалпы жарыс қорытындысы нәтижесінде сырбойылық спортшыларымыз үздік деп танылып, командалық есеп бойынша бірінші орынға көтеріліп отыр.

Айта кетейік, жазғы спартакиада бұдан кейін де еліміздің басқа қалаларында жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<