Қызылорда қалалық Полиция басқармасы жартыжылдықты қорытындылады

550

0

Бүгін Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамның қатысуымен жедел кеңес өтті. Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жұмағұлов Ілияс Байжұманұлы және Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығының міндетін атқарушысы Кордабаев Нұрлыбек Құрбаналиұлы төрағалығымен өткен жедел-қызметтік жұмыстың 2023 жылдың І жартыжылдығын қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.

Жедел кеңесте сала басшылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚР ІІМ министрі Марат Ахметжановтың тапсырмаларының орындалу барысы және атқарылған жұмыс нәтижелері туралы есеп берді.

Мәселен, жиында қаламыздың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің жай-күйі, азаматтардың құқығын қорғау бойынша атқарылған іс-шаралары кеңінен талқыланды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында полиция жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе ретінде қаралды.

Кадр саясаты, полицейлердің қызметтік-жауынгерлік дайындық деңгейін көтеру, жеке құрам арасындағы тәртіпті нығайту шаралары әңгімеге арқау болды.

Кеңес соңында Басқарманың барлық қызметтері мен бөліністерінің басшыларына қаланың барлық аумағында, қаланың шет жағында орналасқан елді мекендерде құқықбұзушылықтардың алдын алу, орын алған қылмыстарды ізін суытпай ашу, қоғамдық тәртіпті барынша нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.

Сонымен қатар жедел – қызметтік жиында қаралған тағы бір өзекті мәселе жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді, учаскелік полицейлердің өз аумақтарындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардын алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуді, жол-пайдалану қызметтерінде бұзушылықтарды жоюды ұйымдастыруды, жол инфрақұрылымына жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жандандыруды басқарма басшылығына тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<