Қызылордада 60 млн теңге жымқырған басшы 2,6 жылға сотталды

1428

0

Фото: Halyq Uni

Қызылордада «Интергаз Орталық Азия» АҚ Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасарына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық сотта аталған басқарма директорының бірінші орынбасары Н. Нұрболатұлына қатысты іс қаралды.

Ол Orda Glass LTD компанияның сметалық құнын асыра бағалау және «Шыны зауытын резервтік газбен жабдықтау, газ құбырын салу» объектісі бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойған. Салдарынан 60,1 млн теңге сомасында мүліктік залал келтірген. Сот оны кінәлі деп тапты, – деп жазылған Антикор таратқан хабарламада.

Сондай-ақ айыпталушы объектіні салу кезінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолы учаскесіне қасақана зақым келтіріп, мемлекеттік мүлікті бүлдіргені анықталды.

Сот үкімімен Н. Нұрболатұлы 2 жыл 6 ай бас бостандығынан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 3 жыл басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды, – деп жазылған хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<