Қызылордада карантин күшейтілді

7033

0

Қызылордада эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанғанға дейін:

♦️«Қамбаш» демалыс орнының жұмысы тоқтатылды

♦️Балалар сауықтыру лагерлерін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді

♦️Ұжымдық, жанұялық (туған күн, дәстүрлік, әдет-ғұрыптық шаралар, т.б.) жиындарға, оларды мейрамханаларда өткізуге тыйым салу жалғасады.

♦️Компьютерлік клубтар, мото және лото конторалар, бильярд клубтары, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға алу қызметі, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының қызметіне шектеу жалғасуда.

♦️Санитарлық талаптардың сақталуы мобильдік топтардың рейдтері мен полиция қызметінің әскери бөлімдердің сарбаздарын тарта отырып патрульдеу арқылы күшейтіліп отыр.

Бүгінгі күні облыста санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 2 кәсіпкерлік нысанына қатысты әкімшілік хатталама толтырылып, материалдар сотқа жолдануда.

Бұдан бөлек, емдеу мекемелері бойынша аурудың күрт өсуіне соқтырған нысандар бойынша 13 медицина қызметкеріне айыппұлдар салынса, бір материал экономикалық сот өндірісінде.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен

қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<