Топ-баннер2

Қызылордада облыстың ашық біріншілігі өтті

6

0

Фото: Полиция департаменті

Қызылорда қаласында балалар, жасөспірімдер және қыздар арасында киокушинкай-кан каратэден облыстың ашық турнирі өтті. Жарыс «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен ұйымдастырылып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Аталған спорттық шараның негізгі мақсаты – Қызылорда облысында киокушинкай-кан каратэ спорт түрін дамыту, жас спортшылардың шеберлігін арттыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын күшейту болып табылады. Сонымен қатар турнир жас буынды тәртіпке, табандылыққа тәрбиелеуге және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жарысқа 5–15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысып, әртүрлі жас және салмақ дәрежелері бойынша өзара бақ сынасты. Қатысушылар киокушинкай-кан ережелеріне сәйкес өткізілген жекпе-жектерде күш-жігерін, шеберлігі мен төзімділігін көрсетті. Турнир барысында тартысты әрі қызықты айқастар өтіп, жас спортшылар өздерінің дайындық деңгейін дәлелдеді.

Іс-шараны ұйымдастыруға Ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы, оның Қызылорда облыстық филиалы және Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп атсалысты.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар марапатталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен медальдар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табысталды.

Мұндай спорттық іс-шаралар жасөспірімдер арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге зор ықпал етеді.