Қызылордада онкология орталығы жаңа құралдармен жабдықталған ғимаратқа көшті

1238

0

Көптен күткен Қызылорда облыстық онкология орталығы Қызылорда қаласы Берке хан 49 «А» мекен-жайында орналасқан жаңа ғимаратқа көшті.

Облыстық онкология орталығы ағымдағы жылдың 19 шiлдесiнен бастап ендi Модульдік инфекция орталығында халыққа қызмет көрсететiн болады.

Орталық кең әрi науқастардың ем алуына толық жағдайы жасалынған 200 төсек орынға арналған жаңа ғимаратта жұмысын жалғастырмақ.

Сондай-ақ, орталықтың емхана бөлімі дәрігердiң кеңесін қажет ететін және жоспарлы ем алу мақсатында ауруханаға жатуға жолданған пациенттерді де қабылдайды.

Жаңа ғимараттың әр палатасында 2-3 ем алушыға арналған және пациенттер үшін арнайы санитарлық тораптармен (әжетхана, жуыну бөлмесі), желдеткіштермен, орталықтандырылған оттегімен  қамтамасыз етілген.

Жансақтау бөлімі 6 төсек-орыннан 12-16 төсек-орынға дейін кеңейтілген, жабдықталған операциялық 2 залы бар.

Ғимарат қосымша жаңа компьютерлік томограф, заманауи рентген аппаратымен, видеоэндоскопиялық аппаратпен жабдықталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<