Қызылордадағы атыс – 6 күдікті ұсталып, 4-уіне іздеу жарияланды

1209

0

Қызылордада болған атысқа қатысты 6 күдікті ұсталып, 8 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 мамырда Қызылорда қаласында бір топ адам арасында атыс болып, салдарынан 3 азамат көз жұмған болатын. Осыған байланысты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

«Нәтижесінде 6 күдікті ұсталып, тағы 4-уіне іздеу жарияланды. Оқиға болған жерді тексеру барысында және күдіктілердің тұрғылықты мекенжайынан бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрі, есірткі тәркіленді. Оған қоса 7 автокөлік айғақ зат ретінде алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық қатысушының жеке басы анықталды. Жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұл бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, адам өлтіру бойынша – 2, бұзақылық бойынша – 2, қарудың заңсыз айналымы бойынша – 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша бір іс тіркелді», – деді Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық істің мән-жайы жан-жақты тексерілуде. Тергеп-тексеру толық және объективті түрде жүргізіліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<