Қызылорданың орталық алаңы абаттандырылады

1688

0

Облыс орталығында демалыс орындары көбеюде. Бұл бағыттағы жұмыстар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда.

Сондай игілікті істердің бірі – орталық алаңда бастау алды. Яғни, «Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесін Желтоқсан көшесінен Ахмет Байтұрсынов көшесіне дейін, Ыбырай Жахаев көшесін Әйтеке би көшесінен Қорқыт ата көшесіне дейін абаттандыру» жобасына орай, мердігер мекеме «Техоснастка-ремсервис» ЖШС құрылыс жұмыстарына кірісті.

Жоба бойынша субұрқақтары аумағына брусчаткалар, жолжиек тастар орнатылады. Жарықдиодты шамдар қойылып, газондар, көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылады. Сонымен қатар, шағын архитектуралық пішімдемелер орналастырылады. Ыбырай Жахаев көшесінің Қорқыт ата көшесінен орталық алаңға дейінгі аралығы да толықтай абаттандырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<