Әрі кетсе бір жұма ғой – Ерболат Беделхан дәстүрлі әншінің үндеуіне жауап берді

547

0

Әрі кетсе бір жұма ғой – Ерболат Беделхан дәстүрлі әншінің үндеуіне жауап берді Танымал продюсер, әнші Ерболат Беделхан дәстүрлі әншінің үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды Today.kz.

Продюсер әңгіме басында мұндай үндеулерге өзінің тарапынан ресми мәлімде жасайтын болса, жағдайдың ушығып кететін жеткізді. Ерболат Беделхан көбінесе жағдайды әріге апармайды екен. 

«Осындай бір хейтерлік әрекет басталған кезде жауап болатын болса, онда бұл ушыға береді. Ары кетсе бір жұма ғой петиция жинап жатыр деген. Қызығушылығы кетіп қалатын болса, уақыты өтіп кететін болса, онда болды. Дегенмен мен қазір білемін, жүзімді көретін k-pop аудиториясы күннен-күнге қатты өсу үстінде. Олардың (k-pop аудиториясын меңзеп – ред.) түсінігі тура мен сияқты, егер қайтадан біз бастасақ, керісінше петиция жасасақ ол ушығып кетеді деп ойлайды. Сондықтан бізде қалыптасып қалған пікір бар. «Таспен ұрғанды аспен ұр» демекші, керісінше кішігірім флешмоб жасаймыз. Барған сайын k-pop аудиториясына бұл жоба ұнап жатыр. Сондай бір кезеңі болады. Соны дұрыс өткізіп алсақ, кішкене жеңіл болады», – деді Ерболат Беделхан. 

Продюсер осы жұма Астанаға ұшып барып, Ерлан Қаринмен кездесетінін жеткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақтың дәстүрлі ән өнерін насихаттаушы әнші Сәуле Жанпейісова Қазақстан «РТРК» АҚ төрағасы Ерлан Қаринге арнадағы Ерболат Беделханның бағдарламасын жауып тастау туралы ашық хат жолдаған еді. Әнші ашық хаттың мәтінін Facebook әлеуметтік желісінде жариялады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<