Рәміздер алаңына тазалық жұмыстары жасалуда

60

0

Фото: Қазалы ауданы

Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық шаралары жалғасуда. Бұл игі шара азаматтардың, жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға, құндылықтарды, табиғат пен қоршаған ортаға деген қамқорлықты қалыптастыруға ықпал етпек.

Бүгін тазалық науқаны аясында аудандық жастар ресурстық орталығы қызметкерлері мен «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары Әйтеке би кентіндегі Рәміздер алаңында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Жастар Рәміздер алаңындағы ағаштар мен гүлдерді суғарып, арықтарды тазалып, шөп шабу жұмыстарын жүргізуде.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<