Рәміздер күні қарсаңында марафон өтті

210

0

Фото: Арал ауданы

Бүгін 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесі қарсаңында салауатты өмір салтын ұстанған жастардың қатысуымен жүгіруден марафон өтті.

Жүзге жуық жастар орталық Бақтыбай батыр көшесі бойымен 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Мереке қарсаңындағы спорттық жарыста ерлер арасында І орынды №262 орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Е.Ерниязов алса, қыздар арасында бірінші болып №260 орта мектептің техникалық қызметкері А.Әлімбетова келді.

Мерекелік марафонға қатысып жүлдегер атанған спортшыларға арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.

Арал ауданы әкімдігі