Референдум өтетін орындардағы өрт қауіпсіздігі

772

0

Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 5 мамырдағы №888 қаулысына орай 2022 жылдың 5 маусымында республикалық референдум өткізу туралы шешімі негізінде аудан көлемінде референдум өтетін орындарға қарау жұмыстарын жүргізді. Қарау жұмыстары барысында комиссиясының мүшелері мен төрағасына алғашқы өрт сөндіру құралдарының дұрыс қолданылуы, өрт оқиғасы орын алған жағдайда қандай алғашқы іс-әрекеттер жасау керек екендігі түсіндіріліп, комиссия төрағаларына төмендегі өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша жадынама ұсынылды. Атап айтқанда:

1) референдум өтетін орындарда өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтардың және эвакуациялау жоспарларының болуы;

2) өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты лауазымды тұлғаны анықтау;

3)  өртке қарсы қызметті шақыру үшін телефон байланысының, сондай-ақ шұғыл әрекет ету қызметтерінің телефондары бар тақтайшалардың болуы «101», «102», «103», «112»;

4)   эвакуациялық шығу жолдарының қажетті санының болуы;

5) эвакуациялау жолдарын жиһазбен, жабдықтармен және басқа да заттармен үйіп тастауға жол бермеу;

6)  эвакуациялық шығу есіктерінде іштен кілтсіз ілмектерді еркін ашу мүмкіндігі;

7)  адамдар жаппай болатын үй-жайларда кілемдерді, кілем жолдарын және еденнің басқа да жабындарын еденге сенімді бекіту;

8)  референдум өтетін орындардының алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі және автоматты өрт сигнализациясының жұмыс қабілеттілігі;

9)  референдум өткізу кезеңінде бөгде адамдарды үй-жайларға, оның ішінде шатырларға, техникалық қабаттарға, венткамераларға кіруін шектеу;

10) жертөлелер мен цоколь қабаттарын ТЖС және ЖС, газдары бар баллондардан, аэрозольды орамдағы тауарларды, целлулоидты және басқа да жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдардан тазарту;

11)  Жол берілмейді: 

–  референдум өтетін орындарда темекі шегуге;

– оқшауламасы зақымдалған немесе қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан электр өткізгіштер мен кабельдерді пайдалануға;

 – зақымданған розеткаларды, жарықтандыру рубильниктерін пайдалануға;

– стандартты емес (қолдан жасалған) электр қыздыру аспаптарын қолдану, қолдан жасалған асқын жүктемеден және қысқа тұйықталудан қорғау құрылғыларын пайдалануға;

12)  ішкі өрт су құбыры жүйелерінің, өрт гидранттарының және су айдындарының жарамды жай-күйі;

13)  өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін орналастыру орындарында тиісті көрсеткіштердің болуы.

Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<