«Референдум тағайындалған күн туралы»

6

0

2026 жылдың 15 наурызында Республикалық референдум өтеді.

Референдумға қатысу құқығына 18 жасқа толған Республика азаматтары ие болады. Референдум ерікті қатысу, еркін ерік білдіру, сондай-ақ азаматтардың жалпыға бірдей, тең, тікелей және жасырын дауыс беру қағидаттарына сай өтеді. Референдумда «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылды.

Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы №1170 Жарлығына, «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының 2026 жылғы 12 ақпандағы №6/10 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.

Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясы

Орналасқан жері: Қызылорда қаласы, «Сол жағалау» ықшам ауданы, Ғ.Мұхамеджанов 5А.

Телефон: 8(7242) 40-25-26.

Эл. пошта: tic_kzl_obl@saylau.kz

Комиссия төрағасы – Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы.

Төрағаның орынбасары – Накипов Болат Нұржігітұлы.

Хатшы – Сырлыбаева Аягөз Мұратбекқызы.

Комиссия мүшелері: Ідірісов Бақытжан Жеткерұлы, Әнуарбек Берлібек Ахметұлы, Турабаев Еркін Ермағанбетұлы, Тағыберген Абай Тағыбергенұлы.

Аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-13.00, 13.00-15.00 – түскі үзіліс, 15.00-19.00.

Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясы