Фестивальге Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы, Қызылорда облысының Полиция департаменттері, Батыс Қазақстан облысының және Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармалары, Ақтөбе облысының Қылмыстық атқару жүйесінің департаменті және Нұр-Сұлтан қаласы Көліктегі Полиция департаментінің жас қызметкерлері өнер көрсететін болады. Конкурс вокал номинациясында өткізіледі. Қатысушылар дуэт, трио, квартет ретінде шығармаларын эстрадалық, академиялық және халық стилінде ұсынбақ. Олар вокалдық мәліметтер, репертуардың көркемдік құндылығы, орындау шеберлігі және костюм киюі бойынша бағаланады.
Республикалық патриоттық ән фестивалі басталды
10.09.2019
1092
0





