Республика күні – ел мақтанышы

787

0

Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор.

25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шара Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында өтті. Алдымен әдеттегідей, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.

Сонан соң жүргізуші: «Былтыр Республика күні – ұлттық мереке мәртебесін қайта алды. Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам», – деді.

Содан кейін Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың құттықтау сөзі оқылды.

Сонан кейін мерекелік құтықтау сөз Департамент бастығы полковник Руслан Қайрақбаевқа берілді.

Республика күніне арналған тағылымдық бейнесюжет көрсетілді.

Өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін, сонымен бірге Республика күнін мерекелеуге орай бірқатар азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерге ведомствалық марапаттар табыс етілді.

Төтенше жағдайлар департаментінің қоғамдық іс-шараларына және іздестіру-құтқару жұмыстарына белсене атсалысып жүргендігі үшін «Қызылорда еріктілері» Қоғамдық қорының атқарушы директоры Чебакова Ольга Константиновна, «Қызылорда еріктілері» Қоғамдық қорының үйлестірушісі Сауапова Салтанат Бақытжанқызы, «Қызыл-Ай» қоғамы Қызылорда облыстық филиалының Алғашқы көмек көрсетуден жаттықтырушысы Омарова Гүлсім Мұқышқызы Департамент бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Жиын соңында марапат иелері естелік фотосуретке түсті.

Жүрегіміздегі туған жерге деген сүйіспеншілік ешқашан өшпей, елімізді өркендетер жаңа жетістіктерге шабыттандыра берсін! Мереке құтты болсын!

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<