Кеше Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов орталық аурухананың бас дәрігері Жайлыбай Құдайбергеновты әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан ерекше үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» және «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медальмен марапаттады.
Шарада аудан басшысы Жайлыбай Ақкенжеұлына ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.
Сонымен қатар шарада облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Акмарал Әлназарованың «Алғыс хатын» облыстық денсаулық сақтау басқарамасы басшысының орынбасары Олжас Искаков табыстап, жаңа қызметте жетістіктер тіледі.
Жайлыбай Ақкенжеұлы Қызылорда қаласына басқа қызметке ауысуына байланысты міндетін уақытша атқарушы Бақытжан Нысанбаевқа жүктелді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<