Өңірлік коммуникациялар қызметінде техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департамент басшысы Ерқанат Кеулімжаевтың қатысуымен брифинг өтті. Онда аталған салада І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар сараланды.
Сала басшысының айтуынша, жыл басынан бері 18 іріктеу тексерулер жүргізілген. Оның 11-де заң бұзушылықтар анықталып, бұл барлық тексерулердің 61,1 процентін құрап отыр. Тексеру қорытындысы бойынша 83 дана өлшем құралдарын пайдалануға тыйым салу жөнінде 11 ұйғарымдар берілген.
– Биыл жоспарға сай департамент мамандарымен аймақтағы тауар өндіруші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарда, ірі сауда орталықтары мен базарларда, облыстың барлық аудандарында сапа менеджмент жүйесін енгізу, техникалық реттеу және метрология жүйесі талаптары мен өнімдерді каталогтау бойынша түрлі іс-шаралар жүргізілді. Өнімдерді каталогтау жүйесіне енгізу ұдайы күн тәртібінде. Осыған сәйкес, облыс кәсіпорындары шығарған 107 түрлі өнім осы жүйеге енді, – деді Е.Бозқұланұлы.
Бүгінде халықаралық сапа менеджмент жүйесін өндірістеріне енгізген кәсіпорындар бойынша аймақта 466 мекеме мен кәсіпорынға халықаралық стандарттар сапа менеджменті жүйесі енгізілсе, экологиялық стандарттар алу үшін 181, кәсіби қауіпсіздік және еңбек қорғау менеджемент жүйесіне – 62, энергоменеджментке – 3, азық-түлік өнімдері қауіпсіздігі – менеджмент жүйесіне 8 мекеме енгізілген. Ал, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен Кеден одағы аясында қабылданып күшіне енген 37 техникалық регламент талаптарының сақталу ережесіне сай 21 сынақ орталығы мен зертхананың, 14 метрологиялық зертхананың және 1 сәйкестікті растау органының жұмыстары зерделенген. Сондай-ақ, 14 кәсіпорын мен облыс орталығындағы сауда үйлер және сауда базарларында кәсіпорындардан түскен техникалық реттеу саласының заңнама талаптары және проблемалық сұрақтар қарастырылып, уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізу бағытында жұмыстар атқарылуда.
Саладағы басты жаңалық – мекеме жанынан кеңейтілген сынақ зертханасының ашылуы. Құрылыс өнімдерінің сапасын анықтайтын орталықта құрылыс өнімінің 23 түрі сынақтан өткізіліп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Айта кету керек, мекеме алдағы уақытта азық-түлік пен өндіріс орындарының өнімдерін де тексерістен өткізетін болады.
М.отаралы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<