Сапалы тауар – басты басымдық

1231

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырыста ел Үкіметіне жаңа редакциядағы техникалық реттеу туралы заңды дайындау және оны 2020 жылдың соңына дейін қабылдауды қамта­масыз етуді тапсырған болатын.

Өйткені техникалық реттеу туралы заңнама 10 жыл бұрын қабылданған және бүгінгі күннің талабына сәйкес келмейді. Бұдан басқа, «Өнім сапасы екінші орында қалмауға тиіс. Ұлттық сертификаттау жүйесін дамыту, ұлттық стандарттардың беделін қай­тару қажет» деп атап өткен болатын.


Осылайша, отандық техникалық реттеу саласын қайта жүктеу үшін барлық объективті жағдайлар мен шарттар қаралды. Нәти­жесінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда Президент «Техникалық реттеу туралы» Қазақ­стан Республикасының жаңа редакциядағы Заң жобасына қол қойды. Ол осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.


Негізгі мақсат – өнімнің қауіп­­­сіз­дігі, оның сапасының сәй­­кес­­­­тігі, нор­мативтік құжат­тар­­­дың та­лаптары тұрғысынан рес­­­­пуб­­­­лика тұрғындарының, яғни тұты­­ну­­шы­лардың мүдделерін қорғау, сынақ зертханаларының және басқа субъектілердің сәйкестігін рас­тау­шы органдардың қызметін бақылау.
Кәсіпкерлік кодексі бақылаушы мен бизнес арасындағы құқықтық қаты­нас­тарды қатаң реттейді. бірақ тұтынушыларды қауіпсіз тауар­­­лармен қамтамасыз ету маңыз­дылығы ескеріле отырып, инспек­торға аккредиттелген зертха­наларда сынақ жүргізу үшін өнім үлгілерін іріктеу мақсатында субъек­тіге кедергісіз баруға мүмкіндік беретін тиісті түзетулер енгізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша өнім техникалық регламент талаптарына сәйкес келмесе, оны айналымға шығаруға тыйым салуға жедел ден қою, ал қауіпті өнімге қатысты оны алып қою көзделген.

Қазақстан Республикасы заңнамасының та­лаптарына сәйкес сот арқылы одан әрі жою, кәдеге жарату не қайта өңдеу үшін иелік құқығынан айыруға дейін шара көріледі.
Алайда бұл жағдай біздің инспек­торлардың мұндай іріктеуге талдаусыз шығатынын білдірмейді. сондықтан бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бармай профи­лак­тикалық бақылау тетігі енгізіледі.

Бұл ақпараттық дереккөздерге каме­рал­дық талдау жүргізіледі. Дәл осы өнім айналымы мен мем­лекеттік бақылау процестерін цифр­лан­дыру бақылау-қадағалау қызме­­тінің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықты және адал бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша өзінің оң әсерін беруі тиіс.

Басты басымдық Қазақстан нарығына қауіпті өнімді айналымға шығаруға жол бермеу болды. Осыған байланысты уәкілетті органның құзыреті кеңейтіледі. Бұл қауіпті өнімді біздің дүкендеріміздің сөрелеріне түскенге дейін тоқтатуға мүмкіндік береді және оны барлық дүкендер бойынша бақылау қажеттілігі туындамайды.


Халықты қауіпсіз өніммен қам­тамасыз етумен қатар, басты мақсат­тардың бірі – отандық өнім өндірушіні қорғау. Нарықта қауіпсіз емес өнімнің болуына тікелей әсер ететін барлық жоғары және төмен тәуе­келдер бағаланып, серти­фи­кат­­тау саласының осалдығы анықталды.


Сертификаттау сапасын арттыру арқылы еліміздегі сапалы өндіріс қамтамасыз етіледі. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді айна­лым­ға шығаруға алып келген, сер­ти­фикаттау кезінде жіберілген бұзу­­шылықтар үшін өндіруші зар­дап шекпеуі керек. Осыған байла­нысты осы сертификаттауды жүзе­ге асыратын органдар мен зерт­­ханаларға, сарапшы-ауди­тор­ларға, бүгінгі күні осы кадрларды даярлауды жүргізетін оқу орта­лық­тарына дейін бақылау күшейтіледі.


Енгізілетін мемлекеттік бақылау және қадағалау тетігі кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігіне бармай профилактикалық бақылау арқылы (бұл ақпараттық құралдарды пайда­лана отырып, камералдық бақылау жүргізу) қамтуға мүмкіндік береді. заңнама талаптарының бұзылуы туралы мәліметтер болған жағдайда бақылау жүргізу үшін тауар үлгілерін сатып алу жүзеге асырылады.

Ал зерттеу (сынақ) нәтижелері бойынша жедел ден қою шаралары қолданылатын болады.


«Техникалық реттеу туралы» жаңа редакциядағы Заңды қабылдаудан күтілетін нәтижелер: ішкі нарықтағы өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті және сапалы отандық өнім үшін жағдай жасау, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру, сәйкестікті бағалау рәсімдерінің дұрыстығын қамтамасыз ету, техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы ЕАЭО шеңберіндегі ұлттықтан жоғары заңнамаға келтіру.


Қабылданған Заң аясында құқық­тық салдар бөлігінде қол­даныс­тағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, сондай-ақ қосымша заңға ілеспе 40-тай нормативті-құқықтық акт қабыл­данатын болады. Жаңа редакцияда қабылданған Заң талап­тары жөнінде қосымша туындаған сұрақтар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Сауда және инте­гра­ция министрлігі Техникалық рет­теу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне хабар­ласуға бола­ды.

Департаменттің мекен-жайы: Қызылорда қаласы, И.Журба көшесі,12: телефондары: 278721, 274482, электрондық поштаcы: gosnadzor@ bk.ru.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<