Сенім грамоталарын қабылдады

4

0

Фото: Ақорда

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында АҚШ елшісі Джули Стаффт пен Болгария елшісі Георги Воденскиден сенім грамоталарын қабылдады.

Мемлекет басшысы Болгария елшісі арқылы Президент Румен Радевке сәлемін жолдап, оның былтыр елімізге жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынасқа айтарлықтай тың серпін бергенін айтты.

– Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Саяси, сондай-ақ экономикалық бағыттағы ықпалдастық аясын кеңейту үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джули Стаффтпен әңгімелесу барысында АҚШ-қа жасаған сапары табысты өткенін ықыласпен еске алды.

– Президент Дональд Трамп мырзамен дос­тық рәуіште мазмұнды әңгіме өрбітіп, келіс­сөздер жүргіздік. Таяуда біз телефон арқылы емен-жарқын сөйлесіп, екіжақты ынтымақ­тас­тығымызға қатысты көптеген мәселені талқы­ладық. Мені жыл соңында Құрама Штаттарда өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтамын. Біз көптеген саладағы стратегиялық серіктестігімізді дамытып, ны­ғайтуға күш саламыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипло­матиялық миссияларының ресми түрде бас­талуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады.