Шәкірт талабын шыңдаған

261

0

Фото: Автордан

Мен Әжіхан Тобағабыл­овты екінші дүниежүзілік со­ғыс аяқталған жылдардан бі­луші едім. Оған себеп Сыр­дарияға су тоспасын салу жө­ніндегі соғысқа дейін қа­былданған шешімді жүзеге асы­ру үшін қарт Қаратау мен айдынды Арал теңізінің ара­сындағы елді мекендерден ха­лық жиналған болатын. Ау­дандардан келген адамдар әр төбенің басынан жаздық, қыс­тық баспана тұрғыза бастады.

Әжіханның әкесі соғыстан оралмағандықтан әкесінің аға­сы Жүсіп ақсақалдың тәр­биесінде болған. Олар қар­мақ­шылықтар орналасқан тө­беге өз күшімен бір бөлмелі тоқал там салып, там салуға шамасы келмегендер жерден кепе қазып алған еді.

Осылайша кенттің оңтүс­тік шығысында жыпырлаған қоныс «Қырық кепе» атал­ған, айқұш-ұйқыш салын­ған тоқал тамдар пайда бол­ды. Ол кездері Сырдария өзені ар­насына толып ағатындықтан, төбе-төбе­лердің ара­сында ыза су шығып жа­татын, көлік, адам жүре ал­майтын. Жұмысшылар, оқу­шылар шеңгелдің арасындағы жалғыз аяқ жолмен қаты­най­тын.

Ел жиналған 1945 жылдың қыркүйек айында қазақша-орысша оқытатын алғашқы бастауыш кластар ашылды. Бір тұтас мектеп болған жоқ. Сол жеке класс бөлмелерінде аналарымыз шүберектен тігіп берген дорба-сөмкелерге оқу құралдарын салып сабаққа ба­рып сауат ашып, хат таны­дық.

Бізге соғыстан жарақат алып, аман-есен елге келген, үстінде сұр шинелі бар, ақ­саңдай басып жүретін Мұқан­ғали Иман­ғазин, Әбді­бек Аға­­таев, Раманқұл Сүлей­мен­ов, Пірмағамбет Досеков, Ақылбек Қыстаубаев, Қожах­мет Рысдаулетов ағайлар са­бақ берді. Сол кездегі оқу­шы­­ларда балалық шақ бол­ған жоқ. Ерте есейіп ата-ана­ла­рына қолғабыс жасады.

Соғыстан кейін халықтың жағдайы бірден жақсарып кеткен жоқ. Әрбір отбасына адам санына байланысты есеп­теп берілетін нанның дә­мін таттық. Типтік жобадағы мектеп 1947-1948 оқу жы­лын­да салынды.

Ал қазіргі мешіт тұрған жерде мектеп үйі 1957-1958 оқу жылында пайдалануға бе­рілген еді. Осы мектептен біз және бізден кейін Әжіхан білім алып шықтық. Ол кез­дегі балалардың білуге деген ынта-ықыласы зор болатын.

Білім алуға деген ынта­лы жас Әжіхан №11 қазақ ор­та мектебін бітіріп, Н.Гоголь атындағы педагоги­калық инс­­­титуттың «Жараты­лыс­тану» факультетіне түсті. Ма­ман­дық алып, өзі оқы­ған, қазіргі №11 мектеп- лицейінде 10 жылдан астам пе­дагогикалық қызмет ат­қар­ды. Шәкірттеріне екін­ші ата-анасындай болып тә­лім-тәрбие берді. Жоғары класс оқушыларын ауыл ша­руа­шы­лығы жұмыстарына қа­тыс­ты­рып, көмек берумен бірге ең­бекке баулыды.

Кенттегі халықтың көбе­юіне байланысты 1990 жыл­дан бастап типтік жобадағы 1200 орындық мектеп салы­нып орыс мектебіне берілді де, №11 мектептен 500-ден астам оқу­шыны орыс мектебіне ауыс­тырғанда №176 қазақ-орыс мектебі болып қайта құ­рылды. Мектептердің микро­аудандары қайта қаралып үш­ке бөлінді де, Әжіхан №176 қазақ-орыс мектебіне орна­ласты. Орта мектепте тип­тік жобадағы жылыжайға же­тек­шілік жасап, оқушылардың теориялық білімін ұштау мақ­­сатында әртүрлі жобалар жүр­гізгенін білемін.

Әжекең жаратылысынан жақсы қасиеттерге ие, таби­ғатынан тәрбиелі еді. Аспай­тын, саспайтын, сабырлы, аң­ғарымпаз ұстаз болды. Кімге де болса жақсылық жасауға дайын тұратын. Сыпайы жү­ріс-тұрысымен, жайдары мі­незімен оқушыларға, қатарлас мұғалімдерге үлгі еді.

Әжекең балаларына жақ­сы тәрбие беріп, жоғары білім алуына қамқорлық жасады. Соның нәтижесінде балалары түрлі мекемелерде жақсы қыз­мет атқарып келеді. Әжі­ханды жора-жолдастары, туыс­қан-бауырлары да қат­ты сыйлайтын. Кейінгі жыл­дары ауырып жүрді. Оны көп әң­гімелемейтін, бірақ біз сезе­тінбіз. Науқастанып жүрсе де әңгімелер, пайдалы ке­ңес­­тер, өсиет сөздер, емдік ке­ңес, артық болмас деп кі­тап­­ша­ларды баспадан шы­ға­рып, дос-жораларына тегін таратты.

«Адам өмірге қонақ» дейді қазақ. Өмір бар жерде қаза бар. Бұл – табиғи заңдылық, өмірдің, тіршіліктің заңы. Бі­рақ ізіне өшпес іс, өне­ге қал­дырған жандар ұмытыл­май­ды.

Ахмет ӘБСАДЫҚОВ,

еңбек ардагері