Шиеліде қызанақ пастасы шығады

920

0

Фото: Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Бүгінгі кейіпкеріміз Шиелі ауданының тұрғыны Қанат Мұсаев. Ол отбасылық кәсіптің көзін тауып, қажырлы еңбектің арқасында қызанақ өнімінен «томат» пастасын өндіретін цех ашты.

Кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы аясында 27 млн теңге несие алып, «Barly Bai & K» өндірістік кооперативін құрып, кәсібін үлкейте түсті. Бағдарлама арқылы алынған қаражатқа көршілес Ресей мемлекетінен құрал жабдықтар сатып алып, іске қосып өнім түрлерін алуда. Қазір цехта 6 адам жұмыс істейді. Бұл жобаның жалпы құны 48 млн теңгені құрайды.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<