Шиелілік ардагерлер экологиялық болашаққа үлес қосты

5

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Бүгін Шиелі ауданының ардагерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында игі бастама көтерді.

Ауданның бір топ ақсақалдары мен еңбек ардагерлері көгалдандыру және абаттандыру мақсатында 500 түп көшет отырғызып, туған жердің табиғатын көркейтуге белсене атсалысты. Экологиялық акция барысында ардагерлер қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, табиғатқа жанашырлықпен қарау – әрбір азаматтың парызы екенін жеткізді.

Ардагерлердің бұл бастамасы – жас ұрпақты еңбекқорлыққа, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор ықпал етуде.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай игі істер өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға үлкен серпін береді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі