Студенттер сарайында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Мұстафа Шоқай мұраларын зерттеудің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Ханкелді Әбжановтың «М.Шоқай мұрасы және ұлт зиялысын зерттеу методологиясы», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Мәңгілік Ел» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аққали Ахметтің «Түркістан легионері Ғ.Бейісов Мұстафа Шоқай хақында», Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Хазретәлі Тұрсынның «Көшім Есмағамбетов – мұстафатану ғылыми мектебін негіздеуші» және Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Мұстафа Шоқайтану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкірдің «Отандық мұстафатану ғылымының бүгіні жайлы бірер сөз» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды. Конференция аясында секциялық жұмыстарға да кезек берілді.
Жиын барысында Мұстафа Шоқайдың қайраткерлігі, саясаткерлігі тағы бір ұлықталып, ғалымдар оның ұлт жанашыры ретіндегі мұраларының рухани жаңғыру басымдықтарымен үндесіп жатқанын, әлі де жан-жақты зерттеуді қажет ететінін саралап берді.
Айнұр БАТТАЛОВА.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<