Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов көпбалалы отбасыда дүниеге келгенін айтты. Әкім бұл жайында халыққа есеп беру кезінде мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.
«Əкем 10 ағайынды, анам 7 ағайынды. Мен де көпбалалы отбасының перзентімін. Шымкентте 31 мыңнан астам көпбалалы ана бар, Құдайға шүкір. Біз осы бағытта жұмыс істейміз. Кəсіпкерлікті қолдаймыз жəне жақында Шымкент қаласында көпбалалы аналармен жұмыс істейтін орталық ашатын боламыз», – деді Шымкент қаласының әкімі.
Сондай-ақ шаһар басшысы көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүруі үшін бюджеттен арнайы субсидия бөлінетінін де хабардар етті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында көпбалалы аналар 1 наурыздан бастап Шымкенттегі қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл – аналарға әкімдіктің 8 наурызға деген сыйлығы болсын. Дегенмен, нарық талабын ескере отырып көлік компанияларының осы бағыттағы шығындарына субсидия ретінде қаржы бөлеміз», – деп атап өтті Ғабидолла Әбдірахымов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<