Сирияда 22 қазақстандық есепте тұр

330

0

Сирияда 22 қазақстандық есепте тұр Қазіргі уақытта Сирия аумағында Қазақстанның 22 азаматы есепте тұр. ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері құқық қорғау органдарымен бірге қалған қазақстандықтарды анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Сирия аумағындағы және Ирактағы Қазақстан азаматтары жайлы айтатын болсам, СІМ өкілдері басқа да мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс істеп жатыр. Азаматтарды қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр. Оларды елге қайтару бойынша барлық мүмкін шараларды қарастырып жатырмыз», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров.
«Бүгінде Сирия мен Ирактағы қазақстандықтардың туыстарынан Консулдық қызметтің департаментіне 20-дан аса өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта Сирияда Қазақстанның 22 азаматы бар екенін ресми түрде айта аламын, олар консулдық есепте тұр. Олардың 21-і Сирия азаматтарына тұрмысқа шыққан азаматшалар және сол жақта жұмыс бабымен жүрген бір ер адам. Қалған азаматтар есепте тұрған жоқ. (…) Осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деп түсіндірді Смадияров.
 Еске сала кетейік, мұның алдында Сириядағы қазақстандықтардың терроризмге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны жайлы хабарлғанған болатын. «Маған Сирияда өмір сүріп жатқан қазақстандықтар хабарласты. Олар көмек сұрайды. Түркиямен шекаралас аумақтағы босқындарға арналған лагерьде тұрып жатыр екен. Жатқандарына сегіз ай болыпты. Неге оларға Қазақстанға келуіне көмектеспеске? Әрине, оларды онда баруға ешкім итермелеген жоқ, бірақ олар күйеулерінің артынан барды. Күйеулерінің барлығы қаза болған. Енді олар не істемек? Бәлкім, соғысуға баратын шығар. Ал біздің қазақстандық балалар осындай жағдайда өмір сүруі керек пе?», — деп жазған еді журналист Асхат Ниязов Facebook желісіндегі парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<