Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Жасұзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды. Тиісті өкім Ақорда сайтында жарияланды.
Президенттің жарлығымен Сәкен Жасұзақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қорғаныс министрі қызметінен босатылды.
Ақорда сайтында Ұлттық қорғаныс университетінің бұрынғы басшысына қатысты өкім де жарияланды.
“Мемлекет басшысының өкімімен Асхат Наурызбайұлы Рыспаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылды”, – делінген хабарламада.
Дереккөз: baribar.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<