Сүндетке отырғызу акциясы өтті

2339

0

Сүндетке отырғызу акциясы өтті Бүгін облыстық балалар ауруханасында сүндетке отырғызу акциясы өткізілді. Оған аз қамтылған, көпбалалы отбасының балалары қатысқан.
Балаларды сүндеттеу яғни циркумцизия-сүндет ислам дінінде әуел баста араб халқынын әдет ғұрыпы болған.
Көптеген медициналық зерттеу жұмыстары сүндеттеудің мынандай пайдалары бар екенін дәлелдеді:
– сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады;
– Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойыншағының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есе жоғары;
– Жыныстық жұқпалы ауруларды жүқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары;
– Сексопатологтар да сүндеттелудің қажеттілігін мойындауда;
– Гигиеналық тұрғыдан бактериологиялық, стафилокк (іріңді микроб), гонорей микробтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жасату аса қажет. Оған қоса, смегмалардың қабынып, жараға айналуы да үлкен рөл ойнайды.
– Сүндет фимоз, парафимоз, баланит, баланопостит кеселдерінің алдын алады.
Ұйымдастырылған шара барысында 50-ге жуық балаға циркумцизия отасы жасалып, барлығына дайындалған сыйлықтар беріліп, ата-аналармен балалардың қуанышына куә болдық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<