Апостиль дегеніміз не? Апостиль дегеніміз – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. Апостиль мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады.
Гаага конвенциясына сәйкес басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, бір мемлекеттіңөкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайларда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөртаңба ешқандай да растауды немесе заңдастыруды талап етпейді және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.
Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қазақстан 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылды және құжаттарды апостил қою арқылы жеңілдетілген түрде заңдастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға уәкілетті мемлекеттік органдардың апостиль қою үшін мемлекеттік баж салығы айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде әр құжат үшін 1202.5 теңге алынады.
Гаага конвенциясы азаматтық немесе коммерциялық мәселелерде сот және соттан тыс құжаттарды шетелдік тараптарға беру мен ұсынудың ең тиімді механизмін қамтамасыз етуге арналған халықаралық процестегі маңызды көпжақты халықаралық келісім болып табылады. Алыс шетелдерге жолдануға жататын апостиленген құжаттар мемлекеттің келбеті іспеттес болып табылады. Құжат ұсынылуға жататын мемлекет Гаага Конвенциясына мүше ел болған жағдайда ғана апостил қойылады.
Қазақстан Республикасында сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті жүзеге асырады. Сот органдарынан келіп түскен ресми құжаттарды астанаға бармай ресмилендіруді қолайлы ету үшін, оның заңды күшін басқа мемлекетте растайтын арнайы мөртаңба қойылған құжаттарды алу үшін сізге жақын жерде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, «Сот органдарынан келіп түскен ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш толтыру керек және мемлекеттік баж салығын төлеу керек.
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостилдеу бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Р.Беркинбаев.
Қызылорда қалалық сотының
бас маман – сот отырысының хатшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<