Еске сала кетейік, 11 қазанда Байқоңырда «Союз МС-10» зымыран-тасығышын ұшыру кезінде төтенше жағдай болған. «Союз МС-10» бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған. Кейінірек олар аман-есен екені анықталған еді. Осыған дейін министр Атамқұлов журналистерге зымыран-тасығыш құлаған топыраққа жүргізілген сараптаманың нәтижесінде де экологиялық ластанудың анықталмағанын хабарлаған еді.
«Экологиялық сынамалар қалыпты жағдайды көрсетті. Сараптамалар аяқталып қалды», – деді Атамқұлов журналистерге. Оның айтуынша, бүгінде айтарлықтай экологиялық ластану жоқ. «Бірінші кезекте апат «Байқоңырда» болған жоқ. Бұл ұшыру кезіндегі штаттан тыс жағдай. Ғарыш айлағы өз орнында қаз-қалпында тұр. Онда барлығы тұрақты өтті, барлығы дұрыс. Бұл экологияға еш қауіп төндірмейді. Табиғатқа зияны жоқ», – деген еді осыған дейін министрліктің баспасөз қызметіндегілер.





