Спортшылар марапатталды

346

0

Спортшылар марапатталды Спорт – елдіктің, ерліктің, батылдық пен батырлықтың шынайы көрінісі. Соның айғағындай, бүгінгі мерекелік шарада аудан әкімі М.Ергешбаев ауданымыздың бұқаралық спортына және жасөспірім спортшылардың жоғарғы жетістіктерге жетуіне үлес қосып жүрген жаттықтырушылар мен республика көлемінде ғана емес, халықаралық ірі жарыстарда да толағай табыстарға қол жеткізіп, Қазалы ауданының атын асқақтатып жүрген спортшыларымызға Алғыс хаттар табыстады.
Аудандағы спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің дзюдо күресінен жаттықтырушы А.Төлеуов, осы мектептің грек-рим күресінен жаттықтырушы Ә.Айнадинов, Қазалы спорт клубының қазақша күрестен жаттықтырушысы Ж.Нағашыбаев, тоғызқұмалақтан аудан командасының мүшесі Ш.Ұзақ, №18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокстан жаттықтырушысы Р.Жолбарысов, осы мектептің қазақша күрестен жаттықтырушысы М.Күзентаев, «Әйтеке би» спорт клубы» қоғамдық бірлестігінің спорт нұсқаушылары Ғ.Ешмаханов, М.Әбдіхалықов, «Асық атудан» облыстық спартакиадалардың жүлдегері А.Байсүгіров, С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің дене тәрбиесі мұғалімі М.Үсентай, тоғызқұмалақшы Ұ.Махамбетамин, т.б. спортшылар марапатқа ие болды.
Сонымен бірге, футболдан жеңімпаз командаларға да номинациялар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<