Ұстаздардың ықыласы ерекше

397

0

Ұстаздардың ықыласы ерекше Облыс басшысының есепті кездесуінен үлкен әсер алдым. Әсіресе, білім саласындағы оң өзгерістер қуантады. Мұнан өзге «Педагог» мәртебесінің заңды күшіне енуі мұғалім қауымға үлкен серпіліс әкелді десек, қателеспейміз. Жыл басынан бастап айлық жалақылары 25 процентке артып, қосымша сынып жетекшілік пен дәптер тексеру сияқты жұмыстарға үстемақы төлене бастады. Заң аясындағы көптеген оң өзгерістерді аудан, ауыл ұстаздары жылы қабылдады.

Біз, ұстаздар қауымы, мемлекет тарапынан білім саласына жасалып отырған барлық қамқорлықты сезініп келеміз. Бүгінгі есептен есіткеніміздей, Сексеуіл кентіндегі темір жол өткелін кесіп өтіп, мектепке қатынауда қиындық көріп жүрген балалар мәселесі оң шешімін тапқалы тұр. 300 орындық жаңа мектеп салынатын болады. Сондай-ақ, аудан орталығындағы  «Оқушылар үйінің» құрылысы күзге дейін бітіп, жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деген сенім бар. Облыс әкімінің әрбір істе бірлік, ымыралық танытып, жұмыла еңбек етуге шақыруы ұстаздарға да күш-жігер берді деп білемін.

Санира ЖАННАЗАРОВА,

Арал аудандық білім бөлімінің басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<