Апта ағымында

170

0

«Цифрлы қоғам» жобасы

Аптада «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринованың төрағалымен өңірлік филиалдармен жиын өтті. Онда «Mұғалім Talks» кейс-платформасында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Жиынға ZOOM платформасы арқылы партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыс әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді бақылау бөлімінің бас инспекторы Нұрбол Исаев және ұстаздар мен бірқатар мектеп директорлары қатысты.

Кезектен тыс конференциялар өтті

Апта барысында «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалына қарасты барлық аумақтық филиалдарда кезектен тыс конференциялар өтті.

Жиынның күн тәртібінде  партия филиалдарының жыл басынан бері атқарған жұмыстары талқыланып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды. Мұнан бөлек «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.

Кедергісіз келешек: Тең мүмкіндіктер спорт фестивалі өтті

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалінің аумақтық кезеңі аяқталды.

Байқауға қала мектептерінен 6 команда қатысып, олар екі кезең бойынша өзара бақ сынады. Қатысушылар эстафеталық жарыстар мен командалық ойындарда жылдамдық, ұйымшылдық және ерік-жігер танытып, инклюзивті спорттың мән-маңызын паш етті.

Фестиваль қортындысымен барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Ал жеңімпаз командалға партия атынан кубок тарту етілді.

«Таза бейсенбі»: Достық аллеясына тазалық жұмысы жүргізілді

Жұмыс аптасында партияның Шиелі аудандық филиалының белсенділері кент орталығындағы «Достық» аллеясына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тазалық акциясына Жастар рухының еріктілері мен партия жақтастары жалпы 30 – дан астам азамат үлес қосты. Олар аллея маңын қоқыстан тазартып, ағаштар түбін әктеп, аллеяға сән берді.

Аумақтардан ақпарат

Жұмыс аптасында партияның  “Ұлттық мұра” жобасы аясында Арал ауданында “Жетес би” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ұлттық өнерді ұлықтауға арналған домбырашылар сайысы өтті. Сондай-ақ Сырдария ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер ұстаз Шарапат Жансымақовты еске алуға арналған аудандық  жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Шиелі аудандық филиалының жанынан құрылған әйелдер қанатының мүшелері «Әйелдердің қоғамдағы ролі» тақырыбында пікірталасқа қатысса, партияның Жалағаш аудандық филиалының «Мәдени мұра» және «Мәдениет ауылдық округі» бастауыш партия ұйымдары бірлесіп, «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы аясында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер Нұржанов Болатбекпен ағылымды кездесу өткізді.

Тұрғындар тілегі тыңдалды

Жұмыс аптасында  облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Нұркен Бақытбекұлы және Мұхтар Ниязов, облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Құрманбаев, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мөлдір Тәуіпбаева, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Еркебай партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді.

Қабылдауға  24 азамат өтінішпен келіп, олардың  15-ы оң шешімін тапты. 7 мәселе бойынша кеңестер беріліп, 2 өтініштің орындалуы бақылауға алынды.