Есті өмірдің есігі

6

0

Фото: Ашық дереккөз

Адам болып дүниеге келген, біздей бақытты жаратылыс иесі жоқ шығар. Өмір есігін ес білмей ашу – заңдылық, ал оны ессіз күйде жабу – надандық. Дүние адамдарды тану, өсу, даму үшін жаратылғандай ғұмыр кешсек, жарасымды.

Біз дүниеден бақыт іздейміз, ал оның кілті бағалауда екенін түсінбейміз. Сақтану қажетті заттан алыстау орнына жақындаймыз. Әлемде зияны мен кері әсері жайлы ең көп ескерту есірткіге жасалады. Елімізде қаншама шаралар ұйымдастырылып, қаншама шағын ескерту, бейнежазбалар таратылады.

Соның өзінде есірткіге тәуелділік бойынша статистикалық мәлімет бойынша оныншы мемлекет болып тұрмыз. Ресми статистикада он сегіз мың екі жүз есірткіге тәуелді адам бар. Кәмелетке толмаған алпыс алты бала есірткімен өмірін улаған. Ішкі істер мекемесінің мәлімдемесінде он үш пен он бес жас аралығындағы балалардың есірткі таратуға тартылғаны айтылған. Заң білместік кешірмейді. Танымайтын адамның затын, қараусыз немесе иесіз қалдырылған заттарды алудың өзі үлкен қателікке бастама болуы мүмкін.

Біз, жас ұрпақ, болашақты өзгерте аламыз. Есірткіден бас тарту – есті өмірдің бастауы екенін ұмытпайық.

Алпамыс Әбді,

№273 орта мектептің 8-сынып оқушысы.

Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы