Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткен жылдың қорытындысы бойынша жиын өткізді. Сот төрағасы Асхат Сабыров өткен жылда атқарылған жұмыс туралы айтып берді.
Айтуынша, азаматтық істердің қаралуы алдыңғы жылдармен салыстырғанда тең деңгейде орындалып отыр. Атап айтар болсақ, 2023 жылдың 12 айында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 8 азаматтық іс және 1544 талап қою арыз түскен. Осы есепті мерзімде 1101 азаматтық іс өндірістен аяқталса, өткен жылдың осы мерзімінде олардың саны 529 істі көрсетіп отырғаны анықталған. Сондай-ақ шешім шығару арқылы қаралған істер саны 465 құраған.
– Заңды күшіне енген соттың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс. Себебі, сот шешімі орындалуымен құнды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын істер әртүрлі деңгейде орын алады. Сондықтан олардың шешілу жағдайларыда түрлі болып келеді. Мәселен. Тасбөгет кенті аумағында неке-отбасы қатынастары саласындағы даулар, әкелікті анықтау және алимент өндіру, ата-аналық құқығынан айыру, баланың тұрғылықты жерін анықтау, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатына жолдау секілді жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар өткен жылдың 12 айында 49 қылмыстық қаралып, шешім шығарылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 210 іс түсіп, оның ішінде 198 адамға қатысты қаулы қабылданды. Құқық бұзушылықтың және отбасы кикілжіңдердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсаттағы жұмыстар жалғасын таба бермек, – дейді Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<