Заң бұзушылықтар орын алған жоқ

764

0

Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол – әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе – сыбайлас жемқорлық. Еліміздегі өңірлік маңызды салалардағы тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы орта құру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жасалып келеді.

– Бүгінгі таңда, жемқорлық мәселесіне бей-жай қарамайтын саналы азаматтарымыздың саны артып, олардың әрқайсысы жемқорлыққа қарсы күрес жолында тиімді жұмыс жасайтын дұрыс тұтқаларды табуға өз үлестерін қосып келеді. Қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі жемқорлыққа тосқауыл қою және оған жол бермеу біздің басты мақсатымыз болып есептеледі. Осындай жобалар мен форумдар, адалдық пен парасаттылық тұрғысындағы бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру арқылы келешек ұрпаққа рухани тазалықты ел ертеңінің тізгінін ұстар жастардың бойында қалыптастыру арқылы, болашақ жастарға Отанды сүю, Отан алдында адал болумен қатар қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу – біздің басты міндеттеріміздің бірі, – дейді Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Б.Досов.

«Табиғат қорғау саласында қызмет атқаратындықтан біздің міндетімізге жергілікті жердегі тұрғындар арасында қоршаған ортаға қатысты заңнамалық актілер туралы түсіндірме мен «заңды білмеу жауапкершіліктен босатылмайды» деген ұранды басшылыққа алып үгіт-насихат жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуді қажет етуде.

«Арал-Сырдария» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесі табиғатты келешек ұрпаққа аман сақтап өткізу, табиғат байлығын талан-таражға түсірмеу және жемқорлыққа жол бермеу – бұл ұжым қызметкерлерінің тұрақты ұстанымы әрі ұраны.

Табиғат байлығын қорғау, пайдалану саласында ысырапшылдыққа жол бермеу және халыққа ашық, қолжетімді қызмет көрсету, жемқорлықты болдырмау үшін бар күш-жігерді, білім мен ақылды жұмсауға, адал еңбек етуге даяр екендігін көрсете білу қажет.

Инспекцияның бөлім басшылары тарапынан бөлім инспекторларына рейдтік іс-сапарға шығар алдында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның қоғамдағы және кез келген ортадағы өзін-өзі ұстауы мінсіз болуы жөнінде әрдайым ескертіліп отырады.

Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру және алдын алу, болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен «мүлдем төзбеушілік» қағидатын орнату мақсатында әрдайым құқықтық оқытулар өткізіледі.

Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаменті «Antikor.Live» жобасы шеңберінде, азаматтық қоғаммен диалог орнату, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың ықтималдылығына ішкі талдау жүргізу мақсатында, инспекцияда «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында тоқсан сайын семинар өткізілуде. Балық шаруашылығы субъектілері, әуесқой балықшылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбы бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

– Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде, инспекция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтар орын алмаған, – дейді Б.Досов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<