«Студенттерді сапалы маман ретінде даярлау және жетілдіру» жобасы

320

0

«Студенттерді сапалы  маман ретінде даярлау және жетілдіру» жобасы Қызылорда облысы әкімінің жанындағы басым жобалар бойынша облыстық ветеринария басқармасы тарапынан «Студенттерді сапалы маман ретінде даярлау және жетілдіру» жобасы әзірленді.

Жоба облыстық жобалық кең­седен, облыс әкімі жа­нын­дағы басым жобалар бойынша Эксперттік Кеңестен қолдау тауып, үздік жобалардың бірі болып танылды. Сонымен қатар, басқа да мемлекеттік мекемелерге осы жоба тәжірибе алмасу ретінде ұсынылды.

Бұл бағытта И.Әбдікәрімов атындағы ­аграрлық-тех­ни­ка­лық жоғары колледжін өткен жылы бітірген 36 жас маман ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы 13 түрлі аурудың алдын алу, болдырмау бойынша диагностикалық және профилактикалық, сонымен қатар, 6 түрлі энзоотиялық ауруға қарсы іс-шараларды ұйымдастырумен, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (сырғалау, таңбалау, компьютерлік дерек­қор базасына енгізу, ветери­на­риялық паспорт беру) жұ­мыстарымен тәжірибе жинақ­тауда. Осыған байланыс­ты, 2018 жылдың 15 тамызы мен 2019 жылдың 15 ақпаны аралығында тұрғылықты жер­лерінде, тәлім­герлердің бақы­лауында жас­тар практикасынан өтуде.

Жобаны басқару кестесіне сәйкес, 2018 жылдың соңғы тоқсанында 7 жас маман өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты. 2019 жылдың 15 ақпаны мен 15 тамызы аралығында қалған 29 жас маман қоғамдық төленетін жұмыспен қамтылып, 6 ай тәлімгерлердің бақылауында практикаларын жалғастырды. Ал биылғы жылдың соңына дейін барлығы да ветеринариялық ұйым­дарға жұмысқа қабыл­данатын болады.

Жас мамандар теориялық білім­дерін практикамен ұш­тастыра отырып, ветеринария мамандығына деген қызығушылығы пайда болады. Сонымен қатар, тұрғылықты жерлерінде тәлімгерлерінің бақы­лауында сапалы тәжірибе жинақтай отырып, кәсіпқой маман ретінде тез қалыптасады.

 

Облыстық ветеринария басқармасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<