Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты негізгі тіршілігінің бірі күріш өсірумен біте қайнасып жатқан аймағымызда биылғы маусымда аяқсу тапшылығы орын алуда.
Қазалы ауданы бойынша 2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары барлығы 17 790 гектар жерге орналасты. Оның ішінде негізгі дақыл күріш – 6800 гектар, дәнді дақылдар – 7477 гектар, мал азықтық дақылдары – 7422 гектар, картоп, көкөніс, бақша – 2250 гектар, майлы дақылдар – 641 гектар жерге егілген.
Егілген ауылшаруашылығы дақылдарын суармалы судан қалдырмау мақсатында аудан басшылары сала мамандарымен бірге барлық шаруашылықтарды аралап, халықпен бірлесе жұмыстар жүргізуде.
Осы мәселелерге байланысты ағымдағы жылы 1 тамызда аудан әкімі М.Ергешбаев сала басшыларымен және су шаруашылығы мамандарымен бірге Ә.Тыныбаев атындағы су торабына болып, шаруашылықтардағы күріш егістігін аралады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<