Сырдария ауданындағы \»Жалын\» лагері тынығу маусымына дайын

927

0

Сырдария ауданындағы \"Жалын\" лагері тынығу маусымына дайын Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде орналасқан «Жалын» тынығу лагері мектеп оқушыларының жазғы маусымдағы демалысын ұйымдастыруға дайын.
1988 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан лагерьде биылғы жылы 8 тәрбиеші және «Ұлағат Ұландары» жастар бірлестігінен 3 маман түрлі бағытта мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастырып, тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ, аудандық ішкі істер бөлімінен бөлінген инспектор балалар тыныштығын және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсе, аудандық емхана есебінен бөлінген дәрігер мен тіс дәрігері тәулік бойы қызмет жасайды.
Жалпы, аудан оқушыларының жазғы демалысы 5 бағытта ұйымдастырылады. Атап айтқанда, мектеп жанындағы лагерлерде, «Жалын» тынығу лагерінде, облыс көлеміндегі және облыстан тыс лагерлерде демалыстар, саяхаттар ұйымдастыру және аула клубтарын ұйымдастыру.
Оның ішінде, «Жалын» тынығу лагерінде 7 ауысымда (әр ауысымда 130 баладан) 910 бала демалады деп жоспарлануда. Міндетті оқу қорынан 550 бала 8800,0 мың теңгеге «Жалын» тынығу лагерінде демалатын болады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<