СЫРДАРИЯЛЫҚ ОТБАСЫ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

324

0

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОТБАСЫ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ Сырдариялық отбасы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастырумен өткізілген «Отан отбасынан басталады» атты отбасылар байқауының жеңімпазы атанды.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қалыптастыруда отбасының рөлін нығайту, отбасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау жəне отбасыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға ынталандыру мақсатында өткізілген байқауға облыс бойынша 10 отбасы қатысып, байқау талаптарына сәйкес өз өлеңдерін ұсынған. Аталған байқау қорытындысына арналған іс-шара қала орталығындағы Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті.
– Саяси партия, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған облыстық деңгейдегі арнайы комиссия шешімімен «Біз əулетпен жемқорлыққа қарсымыз» атты өлеңімен Сырдария ауданының атынан қатысқан аудан әкімінің баспасөз хатшысы–аудан әкімі аппаратының аударма ісі жөніндегі редакторы Ақтөре Ибрагимұлы байқау жеңімпазы деп танылды. Жалпы, байқауға келіп-түскен шығармашылық жұмыстардың үздігін анықтауда өлеңдердің мәніне, мазмұнына басымдық берілді. Департамент алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қалыптастыруда отбасының рөлін нығайту мақсатында ауқымды іс-шаралар ұйымдастыратын болады,-деді марапаттау іс-шарасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.Ізкенов.
Айта кету керек, отбасылық байқауды қорытындылауға арналған іс-шараға бауқауға қатысушылармен қатар, мемлекетік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйым төрағалары мен мүшелері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<