Табыс көлемін жасырып, салықтан жалтара алмайсың

449

0

Табыс көлемін жасырып, салықтан жалтара алмайсың Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев  Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын міндеттердің орындалу  барысы туралы баяндады.

Жолдаудың «Халық табы­сының өсуі» деп аталатын бірінші тарауындағы үшінші тапсырмасында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан қорғауды арттыра  түсу міндеттелген. Осы бағытта Үкіметке берілген бірнеше нақты тапсырмалар бар. Солардың қатарында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін салық рақымшылығын жүргізу жүктелді. Қазіргі кезде комитетте бұл тапсырманың орындалу алғышарты – тиісті заңнамалық өзгерістер дайындалды. Жоба биылғы жылдың 1 қазанынан есептеліп тұрған негізгі қарызын келер жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген тұлғалардың өсімпұлдары мен айыппұлдарына рақымшылық жасайды.  Сонымен бірге бұл ҚР «Банкроттық және оңалту шаралары» заңдылығына сәйкес, оңалту амалдары жүргізіліп жатқан немесе салығын төлеу мерзімі кейінге қалдырылған тұлғаларға да қолданылады.

Облыста 2018 жылдың 1 қазанына жалпы берешегі 2,2 млрд теңгені құрайтын 1811 шағын және орта бизнес өкілі бар. Оның 1,5 млрд теңгесі – негізгі қарыз, 600 млн – теңгесі – өсімпұл және 100 млн теңгесі – айыппұл.

Брифингте департамент бас­шы­сы Жолдаудың тағы бір жүк­­тейтін міндеті қолма-қол ақшасыз экономикаға бет бұру, бизнестің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын қолдау арқылы оларды ынталандыру, салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйе­лердің интеграциясын аяқтау еке­нін жеткізді. Осы ретте мемлекет бюджетінің ашықтығын қада­ғалау үшін қолма-қол ақшамен жұ­­мыс жүргізуде  деректерді беру функ­­ция­сы бар бақылау-касса ма­ши­­на­ларын қолданысқа енгізу бас­­тал­ған. Бұл 2015 жылдан бастап ке­зең-кезеңімен жүр­гізіліп келеді.  Нә­­ти­­же­сінде табыс көле­мін жа­сыру, сол арқылы са­­лықтан жал­тару әре­­кеттеріне тос­қауыл қо­­йылып, бюд­­жет­ке тү­сім айтар­лықтай арт­қан. 

«Цифрлы Қазақ­стан» бағдар­ламасын орындау бағытындағы жоспарлы шаралар көрсетілетін қызмет түрлерінің электронды форматқа көшіру  қарқыны артуда. Құжаттарды куә­ландыруды электронды цифрлық қолтаңба көмегімен жүргізетін электронды шот-фактура кез келген жүйеде құжат алмасу интеграциясын жүзеге асырады. Биыл ақпараттық жүйенің «Виртуалды қойма» модулі қолданысқа енген. Жүйе тауарларды есепке алуды, қалдықтарды автоматты түрде санау, импортталып келген тауарларды кіріске алудағы  бизнес-процесті автоматтандыру мақсатында жасалды. Сонымен бірге тауарлардың қозғалысын электронды нұсқада бақылап отыратын жобалардың бірі –тері өнімдерін таңбалау жобасы. Биылғы 10 айдың ішінде республикада 241 мыңның үстінде тері бұйымдары таң­баланған. Ал, сыртқы экономикалық қызметке қатысу­шы­лардың қаржылай шығыны мен уақытын үнемдеуге бағытталған жобаның бірі – электронды декларациялаудың  «Астана-1» ақпараттық жүйесі.  Бұл жайында жиын барысында деректер келтіріліп, атқарылып жатқан жұмыстар айтылды.

Жалпы, облыс бойынша департамент биылғы жылдың 11 айында шоғырландырылған бюджетке 272,9 млрд теңге түсім түсуін қамтамасыз етіп, өткен жылмен салыстырғанда 88,3 млрд теңгеге артқан. Республикалық бюджетке түсірілген салық көлемі 76,3 млрд теңгені құраған. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жоспар артығымен орындалған.

Сара АДАЙБАЕВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<