Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан

605

0

Қазалыда 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай рухани-танымдық кеш өтті.

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова және Желтоқсан оқиғасына қатысқан бірқатар азаматтар қатысты.

Тәуелсіздік күні құрметіне арналған шараның шымылдығы Қызылорда қаласындағы жастар театры әртістерінің әсерлі қойылымымен ашылды.

Рухани-танымдық шарада ҚР еңбегі сіңген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Тайманов Желтоқсан оқиғасында қазақ қыздары әділетсіздіктің ажал құрсауына төзбей, антына адал болғанын тілге тиек етіп, «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнінің шығу тарихын айтып берді.

Сонымен қатар, қазалылық желтоқсаншылар, ардагер кітапханашы Айсара Қожақова мен №92 мектептің мұғалімі Бағила Қалдыбай да шығып сөйлеп, жас буын өкілдерімен әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Шарада ҚР еңбегі сіңген қайраткері Рамазан Тайманов пен қазалылық желтоқсаншыларға құрмет көрсетіліп, «Мен қазақ қыздарына қайран қалам», «Желтоқсан желі» сияқты әндер шырқалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<