Тәулігіне 1 тонна

1128

0

Өңірде «Keremet-et» брендімен танымал жартылай дайын өнімдер сұранысқа ие. Қала тұрғыны Айдос Алменов бұл кәсіпті 2017 жылы бастаған. Бүгінде нарық әлемінде қанаты қатайған кәсіпорын тәулігіне
1 тонна ет өнімін өндіреді. Мұнда 40-тан астам адам жұмыс істейді.

Кәсіпорын аймақтағы 250 сауда орнына тұш­пара, фарш, тефтель, фрикаделька, котлет тәрізді жартылай дайын өнімдер өткізіп отыр. Айдос ­Алменов 2008 жылдан бастап ет сатумен айналысса, араға тоғыз жыл салып кәсібін кеңейтті. Ет өнімдерін өзі өндіруге шешім қабылдап, ол үшін 2019 жылы «Ресей жинақ банкі» арқылы 30 млн теңге несие алды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясындағы мемлекеттің қолдауымен цехты іске қосты.

– Үкімет қазіргі тө­тенше жағдай кезеңінде шағын және орта бизнеске ерекше мән беріп, қаржыландырудың қол­же­тімділігін арттыру, бизнесті тексеруді азай­ту, сондай-ақ, салық­тық жеңілдіктер беру мүм­кіндіктерін қарас­тыр­ды. Мемлекеттің бұл қол­дау шараларының ша­пағатын көріп отырған кәсіпкерлердің бірімін. Мұндай жеңілдіктер қа­зіргі бизнестің тоқырау кезеңінен өтіп, қайта қалыпқа келуіне үлкен мүмкіндік береді. Отан­дық өндірісті дамыту мақ­са­тындағы «Қара­па­йым заттар экономикасы» мем­лекеттік бағдарламасы бү­гінде өңір кәсіпкерлеріне өз тиімділігін көрсетуде, – деді А.Алменов.

Биыл мемлекеттік және өңірлік бағдар­ламалар ая­сында жұмыс­сыздар мен өзін-өзі жұмыс­пен қам­тыған азамат­тардың 1,5 мыңға жуық бастамасын гранттармен, шағын және орта бизнестің 500-ден аса жобасын жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде өңірімізде шағын және орта бизнес­те жұмыспен қамтыл­ған­дардың санын ұл­ғай­туға, өнім көлемін арттыруға, жалпы өңір эко­номикасының одан әрі дамуына өзіндік ықпалын тигізбек.

Дәулет ҚЫРДАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<