Тағлымды тарих. Жарқын жобалар

441

0

Тағлымды тарих. Жарқын жобалар Елбасымыздың бүгінгі жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқи отырып, қоғам дамуынының жаңа сатысында ұлттық болмысымызды қалыптастырудағы, кейінгі ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудегі рухани жаңғыру идеясының өміршең қадамдарын, бұрын өзіміз байыбына бара бермей жүрген жаңа қырларын аңғарғандай болдық.
Кешегі жоңғар шапқыншылығынан аман қалу, үш жүз жылдық орыс бодандығының ықпалында жүріп тілімізді, асыл дінімізді, салт дәстүрімізді сақтап қалу, онымен де қоймай қойнауы құтқа толы, өзінің көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынды иемденетін осынау ұлан байтақ даланы бүгінгі тәуелсіз ұрпағына аман жеткізу жарықтық ата бабаларымыздың қолынан қалай келді екен деген сұраққа осы мақала толық жауап беріп тұр.
Мақаладағы атқа міну мәдениетінің терең сыры, ұстап-тұтынған бұйымдарымыздың өмір тіршілігімізге лайықты жасалуы, жаугершіліктегі қару жарақтарының икемділігі, ол аз десеңіз сол заттарының барлығы да ерекше бір эстетикалық талғаммен жасалуы туралы нақты аргументтермен берілген берік тұжырымдар ұлттық мәдениетіміздің әлемдік өркениеттегі орнынайшықтай түседі.Өткенімізге үңіліп, тарих тереңіне бойлаған сайын болашақ болжамы көз алдыңда көлбеңдей береді.Тарихха қарай бір қадам кейін бассаң, болашаққа қарай екі қадам ілгерілейсің. Себебі, бүгінгі күні қаншама технологиялық жаңалықтар тауып, оны өмірге ендіріп жатқан жаңа ұрпағымызға жол сілтеп тұрған бағдаршам адамзат тарихындағы өмірлік бай тәжірибеде жатыр.
Қазір бүкіл әлемге танымал болған археологиядағы жетістігіміз – «Алтын адам», ғылымдағы шыңымыз – әл-Фараби, рухани көшбасшымыз Қожа Ахмет Яссауи қазақстан жерінің топырағына аунап өсіп, шапағат нұрын әлемге шаша білген ерекше тұлғалар ретінде мойындалып отыр.
Тарихи сананы жаңғыртуға байланысты Елбасымыз ұсынып отырған ірі жобаларды дайындау «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы дәйекті тұжырымдарды өмірге әкелер нақты қадамдар болатыны анық.Ұлы даланың ұлы тұлғаларын терең танып-біліп, оларды ұлықтау арқылы, ұлт қаһармандарын үлгі тұту арқылы ұрпақ бойына ұлттық рух қалыптастыруда қағида ретінде ұстанатын тұжырымдар мақалада жеткілікті.Тұтастай алғанда рухани жаңғыру идеясының заңды жалғасы, цифрлық өркениет жағдайымен жалғасуға бет алған қазақ мәдениетінің терең қырларын жан-жақты ашып көрсеткен бұл мақала ежелгі сақтар мен ғұндардың, бүгінгі түркі халықтарының тарихи-мәдени байланысына, шығыс өркениетіндегі қазақ халқының роліне зор баға берген тарихи құжат деп есептеймін.
Сонымен бірге дүниежүзілік мәдениет дамуы жөніндегі онсыз да тозығы жетіп келе жатқан бірсыпыра Еуроцентристік көзқарастарға да тойтарыс берген мақала болды деп ойлаймын.
Шегебай ҚҰНДАҚБАЕВ,
Партия ардагері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<