Тарихымызды тануға қосар үлесі мол дүние

368

0

Тарихымызды тануға қосар үлесі мол дүние Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жан- жақтылығымен және күрделілігімен ерекше. Онда тарих туралы сөз қозғалып, жас ұрпақтың жігерін жанып, рухын асқақтатып, кез-келген істе нық сеніммен алға басатын дәрежеге жеткізетіндей ойлар айтылған. Түптеп келгенде Қазақстанның болашақ тағдыры жолындағы ең ауыр да ең жауапты міндетті арқалауға тиіс ұлт – қазақ ұлты екені белгілі. 
Мақала Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласының жалғасы ретінде халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының ұлттық мүддемізді мемлекеттік деңгейге көтеретін қымбат қазынасы іспеттес. Қазақ халқының тарихи болмысына қатысты әрбір құндылықтар кімді де болса толғандырады, терең ойға жетелеп, рухани азық береді. Мақалада: өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Сондықтан мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңыздылығы туралы өте орынды айтылған.
Қашанда ұлтымыздың асыл мұрасы мен қымбат қазынасын көздің қарашығындай сақтап, ұрпақ санасына сіңіруде қолдау көрсету міндетіміз.
Сананы жаңғыртуды жүзеге асыратын бастамаларды дамыту – алдағы үлкен міндеттердің бірі екені бегілі. Уақыт өтеді, жаңа ескіреді, бірақ сол ескірген нәрсенің болашақ ұрпаққа беретін өз тағылымы, өз тәлімі бар. Халқымыздың рухани мұраларына қатысты келелі мәселелер қозғап, тарихымызға жаңаша көзқарас қалыптастыруда мақаланың маңызы ерекше. Сондай-ақ ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау қажеттігі айтылған. Осындай бүкіл ел білетін, халықтың асыл мұрасы қымбат қазынасын жаңғыртуға жағдай жасалғанда ғана еліміз әлемдік өркениеттің төрінен орын алары сөзсіз деп ойлаймын.
Гүлжауһар РАЕВА,
Қармақшы аудандық мәслихатындағы 
«Нұр Отан» партиясы депутатық фракциясының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<