Тиянақтылық тілсіз жаудың алдын алады

881

0

Тиянақтылық тілсіз жаудың алдын алады Өрт – тілсіз жау. Дала өрті қаупі күшейетін тұста қауіптің алдын алу үшін тиянақтылық пен ұқыптылық қажет.  Облыстық төтенше жағдайлар департаменті, зілзалалардың қауіп – қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Аспандияр Сапарғалиев газет арқылы жұртшылыққа қауіптің алдын алу жөнінде түсіндірме берді.

– Табиғи өрттің негізгі себебі адам факторы екені даусыз.  Жыл сайын тұрғындар егістік алқаптарын жаңа кезеңге дайындау мақсатында өртейді, көп жағдайда оны қараусыз қалдырып кетеді, қатты желдің себебінен оттың ұшқындарынан өрттің жаңа ошақтары пайда болады,– дейді ол.
 Сондай-ақ, табиғи өрт табиғатта демалушылардың жаққан оттарын өшірмей кетуінен немесе сөндірмей тастай салған темекі тұқылынан, қоқысты немесе құрғақ шөптерді жағу салдарынан пайда болады. Сол себепті, осы кезеңде табиғатқа шыққан адамдардың далалы аймақта өте сақ болуы және өрт қауіпсіздігі қағидаларының шараларын сақтап, мұқият болуы қажеттігін түсіндірді.
Мамандардың айтуынша, сақтық шаралары үшін мынаны естен шығармаған жөн:
– бақылаусыз құрғақ шөптер мен қоқыстарды жақпау;
– балаларға сіріңкемен ойнауға, құрғақ шөптерді өртеуге рұқсат бермеу;
– оттың бір құрылыстан басқасына өтіп кетпеуі үшін, шаруашылық аулаларының, гараж кооперативтерінің аумақтарын құрғақ шөптерден және қоқыстардан тазарту;
– жанған сіріңке мен темекі тұқылдарын лақтырмау;
– күннің астында бөтелке немесе шыны сынықтарын қалдырмау.
– құрғақ және желді ауа райында от жақпау.
– Егер  от қатты жанса, оны сөндіру мүмкін болмаған жағдайда «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалған дұрыс.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<