Үкімет жиынында көтерілген мәселелер мен жүктелген тапсырмалар облыс активінің отырысына арқау болды.
Қоғамды тұтастай адам ағзасына баласақ, әрқайсысымыз атқарар міндетімізді асқан жауапкершілікпен, қажыр-қайратымызды салып орындасақ, біз алмайтын асу жоқ екені белгілі. Осы орайда әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жөнінен алдыңғы орында тұрған, «Алаштың анасы» атанған Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне бәріміз түгел атсалысуымыз тиіс.
Үкімет жиынында осы жылдың еншісіндегі Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жылдығын, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын және Алтын Орданың 750 жылдығын ысырапшылдыққа жол бермей атап өту керектігі ескертілді. Осы орайда аймақ басшысы облыстағы шараларды ғылыми-ағартушылық бағытта, жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігін жеткізді. Өйткені, тұлғаларды ұлықтай отырып халыққа пайдалы іс жасауға атсалысқанымыз орынды. Ал олардың өнегесін өскелең ұрпақ бойына сіңіру – баршамызға ортақ мұрат.
Сайлаубай ӘБІШЕВ,
Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<