Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың,елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын жарқыратуымыз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін , елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл. Тіл-халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі-ұлттың мәселесі.
Тілді өркендету –баршаның ісі. Тіл тек қарым қатынас құралы емес, ойлаудың, дүниетанымның,рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың құралы және ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі- мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назарда ұстау болып келеді.
Елбасымыздың бастамасымен мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылған. 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған мемлекеттік бағдарлама жасау – Елбасымыздың үкіметке берген тікелей тапсырмасы. Бұл тапсырманы орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша Қазақстандықтардың да міндеті. Осы бағдарламаны іске асырудың он жылдық кезеңі алдымызға жаңа міндеттер жүктейді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тілі мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деген болатын. Шын мәнінде барлығын рет ретімен жүзеге асыруға қазіргі кезеңде толық мүмкіндік бар. Қазіргі таңда мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамытуға байланысты бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі қоғамымыздың жастарының белсендігі жоғары. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді.
Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте деп бекер айтылмаса керек. Ендеше, асыл мұрамыздың біріне айналған мемлекттік тілімізді қастерлей білейік.
А.Абызова
Қызылорда қаласының №2 сотының бас маманы.
Қызылорда қаласының №2 сотының бас маманы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<