«Төреғалидан үлгі ал»: Желі қолданушылары ауруханада жатқан әйелінің жағдайына алаңдамаған Қайрат Нұртасты сынады

478

0

Фото: https://www.instagram.com/kair_n/

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Қайрат Нұртас желіде сәбимен түскен видеосын жариялап, қалың көпшілік назарын өзіне аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқырмандар өнер иесінің тағы да балалы болғысы келіп жүргенін болжап жатыр.

«Бесінші рет әке атаныңыз», «Бөпе легенданың қолында екенін білсе, жыламас еді», «Кімнің баласы?», «Некесіз баласы ма?», «Жұлдызға айтылған ән сияқты», «Кімнің баласы екенін табыңдар», «Тағы да балалы болғысы келіп жүрген сияқты ғой. Балалары үлкен, ер жетіп кетті», «Келіншегіңізге айтыңыз мына әнді», – деп жазды оқырман қауым. 

Айта кетейік, өнер иесінің жұбайы, төрт баласының анасы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалған еді. Желі қолданушылары науқастың жағдайын сұрап, іздемеген өнер иесін сөкті.

«Қайрат тек отбасы үшін ақша табатын робот екен», «Төреғалидан үлгі ал. Қанша жерден бұзық болса да жанұясы, ата-анасы, жары балапандары қандай керемет?! Бәрі өтеді де кетеді. Қырықтан асқан соң жанұяңа ғана керексін», «Төрт балаңды ойламайсың ба?», «Сандалып жүрсін қарашы», – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Еске салайық, «Жылап отыратын қатын мен емес» деп Гүлзира Айдарбекова «Қайрат пен Жұлдыздың арасы суып кетті» дегендерге жауап берген еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<