Тоғысқан тағдыр

1150

0

Құқық қорғау органдарында қызметте де, өмірде де қатар жүрген жандар жетерлік. Қылмыстық атқару жүйесінде жұмыс істейтін Батырбек-Айжан Искаковтар осының бір дґлелі. Ерлі-зайыпты екеу ЗК-169/1 түзету мекемесінде жұмыс істейді.

Әділет лейтенанты Батырбек Өмір­бекұлы жұмысына адал­ды­ғы­мен, жауапкершілікті жете түй­сі­нетін мінезімен ерекше. Әріп­тестерінің арасында абырой-беделге ие. Ол өмірлік жары Айжанмен қыз­мет барысында танысты.

– Мінезі биязы, салмақты қызды бір көргеннен ұнаттым. Бір жылдай жақын араласып, кейін отбасын құрдық. Қазір отасқанымызға он жылға жуықтады. Алла берген үш қызымыз бар. Ал үш қызы бар әкенің абыройын өзіңіз біле жатарсыз. Бұл туралы шариғатта да айтылған, – дейді Б.Искаков.

Олар өмір айдынында қатар жүзіп келеді. Бақыт бесігінде де қатар тербеліп жүр. Қызметі қаталдық пен тәртіпке негізделгенімен, отбасында жылулық деген ұғым алдыңғы қатарда тұрады.

Дәулет ҚЫРДАН,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<