8 наурыз – арулар мен аналардың мейрамы. Осыған орай мектептер мен балабақшаларда түрлі шаралар ұйымдастыру басталып кеткен. TikTok желісінде де 8 наурыздағы түрлі қызық видеолар тарады. Massaget.kz тілшісі бүлдіршіндердің күлкілі видеоларына шолу жасады.
Желіде тараған видеолардың бірінде кішкентай қыздың бар ынтасымен аналарға арнап өлең оқығаны көрінеді. Сондай-ақ, ол алдында тұрған кішкентай қызға қарап, сүйкімді қылықтар жасап, ойнатып тұрады.
@akmaraaal95 Қызғалдағым🌹😘
♬ оригинальный звук – Akmaral
«Бөпесін де ойнатып қояды, актер ғой», «Қатырды, ойнатып кеткен бе?», «Тәрбиешілерге алғыс», «Жаным», «Тіл көзден аман бол», – дейді пікір жазғандар.
TikTok-та тараған келесі бір видеода кішкентай бүлдіршендер хит болған «Қызыл раушан» әнін орындайды.
@22.oo51 Покажите поддержку моему братишке пианисту и его друзьям
♬ original sound – Cherryice
Желі қолданушылары да бұл видеоға тәнті болған.
«Әнді сезініп тұр», «Бұйырса болашақ «Дос-Мұқасан болады», «Болашақ әнші», «Сүйкімді», – дейді олар.
Ал тағы бір видеода кішкентай қыздың ұлға гүл сыйлағаны көрінеді. Кадрлардан екі жұптың жарысқаны байқалады. Бірақ ойын соңы күлкілі аяқталған.
«Тоқтамай күлдім-ау», «Жігіттерге үйретіп жатыр ғой», «Қызыңыз қатырды», – дейді видеоға пікір жазғандар.
@anelyaabdreevaa #рек #алғысайтукүні #хочуврек #алғыс #ПразднуемВесну ♬ оригинальный звук – Анеля Абдреева🥰
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<